русский язык
Футбол

Кака «Миланмен» келісімшартты бұзып, «Орландо Ситиге» ауысты

Кака «Миланмен» келісімшартты бұзып, «Орландо Ситиге» ауысты

«Миланның» бразилиялық ойыншысы Кака америкалық «Орландо Сити» клубына ауысты, деп мәлімдейді orlandosentinel.com.

Кака бүгін итальяндық «Миланмен» қос тарап келісімі бойынша келісімшартты бұзды. Ал бразилиялық ұзақ ойланбастан америкалық клубқа көшуді шешті. Алайда «Орландо Сити» MLS-те 2015 жылдың наурыз айынан бастап өнер көрсетеді. Ал ол уақытқа дейін Кака бразилиялық «Сан-Паулуға» жалға берілді.

32-жастағы футболшы спорттық мансабында «Сан-Паулу», «Милан», «Реал» сияқты клубтарда доп тепкен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;