русский язык
Футбол

«Ордабасы» сапын бірқатар жаңа ойыншылар толықтырды

«Ордабасы» сапын бірқатар жаңа ойыншылар толықтырды

Шымкенттік «Ордабасы» жазғы трансферлік маусымда бірқатар ойыншылармен толықты, деп хабарлайды baq.kz сайты.

«Олардың қатарында бұған дейін Павлодардың «Ертіс» командасында ойнаған жерлесіміз Бағдаулет Қожабаев және чехиялық жартылай қорғаушы Ондрей Кудела бар. Өткен жылдары «Ордабасы» командасында өнер көрсеткен Бағдаулет Қожабаевты жергілікті жанкүйерлер жақсы таниды. Жастар құрамасының мүшесі болып табылатын жерлесіміздің қайта оралуы командаға жаңаша леп береді деп ойлаймыз.Ол басқа командаға ауысқан Евгений Левинді алмастырды», - делінген ОҚО әкімдігінің сайтында.

Ал, 27 жастағы чехиялық жартылай қорғаушы Ондрей Кудела бұған дейін Еуропаның бірқатар командаларында өнер көрсеткен. Атап айтқанда: «Словацко» (Чехия, Угерске-Градиште, 2005-07 ж), «Кладно» (Чехия, Кладно, 2007 ж), «Спарта» (Чехия, Прага, 2008 ж), «Млада-Болеслав» (Чехия, Млада Болеслав, 2009-2014 ж) командалары. №11 спорттық жейдеге ие болған орталық қорғаушы бұған дейін «Ордабасы» сапында болған өзінің отандасы чехиялық Павел Черныйды алмастырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;