русский язык
Бокс

Серік Сәпиев: «Гил – Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы»

Серік Сәпиев: «Гил – Головкин қарсыластарының ішіндегі ең мықтысы»

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев  «PROСПОРТ» тілшісімен сұхбат барысында қазақстандық Геннадий Головкин алдағы кездесуде қарсыласы Дэниэл Гилді уақытынан бұрын жеңеді деп ойлайтынын айтты.

«Дэниэл Гил - Головкиннің кәсіпқой бокс мансабындағы өте мықты қарсыластарының бірі. Австралиялық бұрығы әлем чемпионы, десе де Гена үшін аса бір қиын жұдырықтасу болмайды деп есептеймін. Головкин уақытынан бұрын Гилді ұтады», - деді Сәпиев.

Тағы да Серік болашақта болып қалуы мүмкін Головкин – Уорд кездесуі туралы сөз етті:  

«Әрине Головикнге жанкүйер боламын. Бірақ Уорд та әлсіз боксшы емес. Гена да, Уорд та өз күштеріне нық сенім. Алайда Геннадий ұтатынына шүбә келтірмеймін».

Естеріңізге сала кетсек,  Головкин мен Гил арасындағы жұдырықтасу 26-шы шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;