русский язык
Футбол

Радик Абдуллин: «Қайрат» - «Кукеси» кездесуін біздің арналар көрсетпеуі - ұят жағдай»

Радик Абдуллин: «Қайрат» - «Кукеси» кездесуін  біздің арналар көрсетпеуі - ұят жағдай»

Отандық футбол маманы Радик Абдуллин телеарналар қазақстандық клубтардың еурокубоктегі кездесулерін тікелей эфирден көрсетпейтініне наразылығын білдірді.

«Біздің футболды онсызда көп адамдар көре бермейді. Ал еурокубоктер – ел назарын қазақстан футболына аударуға деген мүмкіндік. Бір түсінбейтінім «Ширак» пен «Шахтер» кездесуін біздің телеарналар неге көрсетпейді. Армения жағы тікелей эфирден көрсетуге құлықсыз деген толықтай далбаса әңгіме. Онда неге біздің телевизия Армениядан трансяция жасамайды? Қалай болса да келісіп, бұл мәселені шешсін. Ал «Қайраттың» алғашқы матчын көрсетуді кейінге шегергені мүлдем басыма қонбайды. Өз жерімізде өтетін ойынды тікелей эфирден қалайша көрсете алмайды. Алматылық жанкүйерлер мұны сегіз жыл бойы күтті емес пе. Менің ойымша – бұл жағдайлар қазақстан футболының атына дат келтіреді, ұят емес пе? Егер де мемлекеттік телеарнлара көрсете алмайтын болса, неге КТК-ға бермеді, - деді Абдуллин sport.nur.kz сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;