русский язык

Суарес кешірім сұрады. Ал Кьеллини оны қабылдады.

Суарес кешірім сұрады. Ал Кьеллини оны қабылдады.

Бүгін әлем чемпионатындағы басты кейіпкерлердің бірі Луис Суарес италиялық қорғаушы Джорджо Кьеллиниден кешірім сұрады. Ал бұған италиялық та оң көзбен қарады.

Уругвайлық шабуылшы «Твиттердегі» парақшасына арнайы хат жолдады.

«Бірнеше күн жанұямның қасында болған кезде сәл сабама түсіп, Италия – Уругвай арасындағы матчта болған жәйтты сараптауға мүмкіндігім болды», - деп бастады Луис.

Кейін Кьеллиниге жасаған ісі үшін өкінетінін айтты:

«– Мен болған іс үшін қатты өкінемін

– Мен Джорджо Кьеллиниден және барлық футболшылар қауымынан кешірім сұраймын

– Мен бәрінің алдында бұндай оқиға енді қайталанбайды деп уәде беремін.»

Бұл кешірім хатты Кьеллини де бей-жай қалдырмады. Ол да ізеттілік танытып, уругвайлықтың кешірімін қабылдады.

«Бұның барлығы ұмытылды. ФИФА сенің жазаңды қысқартады деп сенемін», - деді Джорджо «Твиттерде».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;