русский язык
Футбол

Сергей Мошников «Қайсармен» келісімшартты үзді

Сергей Мошников «Қайсармен» келісімшартты үзді

«Қайсар» футбол клубы жартылай қорғаушы Сергей Мошниковпен келісімшартты үзді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Қос тарап келісімшартты өзара келісім бойынша үзді.

Эстония ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы «Қайсар» сапына қысқы маусымаралық үзіліс кезінде қосылып, Премьер-лиганың 17 кездесуіне қатысты. Осы аралықта алаңда 798 минут өткізіп, екі нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;