русский язык

ӘЧ – 2014. Француздар сапарын жалғастырады, Нигерия қош сау боп тұр!

ӘЧ – 2014. Француздар сапарын жалғастырады, Нигерия қош сау боп тұр!

Әлем чемпионатының 1/8 финалына сүрінбей шыққан Нигерия мен Франция құрамасы кездесіп, өзара ширек финал жолдамасын сарапқа салды.

Кездесуді қос құрама өте белсенді бастады. Номиналды төрт шабуылшымен шыққан нигериялықтар қарсыласының қателігін күтпей, бірден алға ұмтылды.  Француздар матчтың басында мұндай қысымды күтпеген болу керек, біраз есеңгіреп қалғандай болды. Ойынның 12-ші минутта Дебюши Мозеске қарсы ереже бұзып, төреші сол қапталда айып добын бегіледі. Одемвингидің әуелеткен добына бірінші болып жеткен Оби Микелге сәл дәлдік жетіспеді. Жанкүйердер алғашқы голды ұзақ күтпеді. Кездесудің 19-шы минутында Мұса сол қапталдан қақпа маңына пас асырды, допқа аяғын тосып үлгерген Эменике Льористің қақпасын дәл көздеді. Алайда Нигерия жанкүйерлерінің өкіншіне қарай қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, офсайд деп тапты. Әзірше айбатты француздардың өткір шабуылын көре қойған жоқпыз. Ойын біршама бәсеңсігеннен кейін Франция ойыншылары жорықтарын бастады. Сол қапталдан Вольбуэна қақпа маңына допты көтерген болатын, ал оңтайлы сәтті күтіп тұрған Погба қақпаға жойқын соққы бағыттады.  Алайда бұл допты Эньяма сәтті қайтарып, өзінің әлсіз қақпашы емес екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Дидье Дешам шәкірттері алғашқы таймның соңғы минуттарында бірнеше өткір шабуылмен көзге түсті. Вольбуэна Дебюшиді соққы жасауға шығарып бергенімен, 2-ші номерлі француз допты қисы тепті қақпадан. Бірінші таймда Нигериялықтардың сапындағы ең белсенді Эменике есепті ашуға сәл қалды. Оң қапталда екі қорғаушыны қапы қалдырып барып, иіре соққы жасағанымен Льорис өз орынан табыла білді. Осылайша тартысты өткен алғашқы таймда өз аяғына жетті. Қос құрама да өз қақпаларын голдан аман сақтап қалды.

 

 

Екінші таймға Дешам шәкірттері ерекше қарқынмен шықты. Есепте алға шықпаса жағдай қиындай түсетінін түсінгендей. Бірінде Бензема қақпадан қиыс кетсе, енді бірде Жирудың соққысын Эньяма қайтарды. Француздар нәтижесіз шабуылдардан түк шығара алмағандықтан, ұмтылыстарын басқаша өрбітті. Алаңнан Жиру кетіп, оның орнына тыңнан Гризманн кірді. Алайда «Реал Сосьедад» шабуылшысы аяғына доп тиген сәтте айырылып жатты. Бүкіл ойын бойы көзге түспеген Кәрім Бенземаның командасын алға шығаруға мүмкіндігі болды. Кәрім қақпашымен жеке дара шығып, Эньяма қақпасын дәл көздегенімен, Мозес допты қақпа сызығына жеткізбей алып шықты. Француздар мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Бұрыштама допқа бірінші жеткен Бензема соққы бағыттағанымен қауіпті бола қойған жоқ. Екінші деммен басталған шабуылда Дебюши қақпа бағанасын дәл көздеді. Шабуылды бірінен соң бірін үдете түскен француздардың тағы бір мүмкіндігі болды. Айып алаңына көтерілген допқа бірінші жеткен Бензема тура Эньямаға соққы бағыттады. Бұрыштама добын әдеттегідей Вольбеуэна көтерді, бразуканы қолға алмақ болған Нигерия қақпашысы өрескел қателік жіберді. Қолынан ыршып шыққан допты Погба бос қақпаға бағыттай салды. Сонымен матчтың 80-ші минутында Дидье Дешам шәкірттері есепте алға шықты. Соңғы он минутта француздар басты назарда қорғанысты ұстады, әрине керекті ұпайларына қол жеткізді. Ал Нигерия құрамасы тайлы тұяғы қалмай шабуылға шықты. Алайда қорғанысты бір сәтке ұмыт қалдырған нигериялықтарды Франция құрамасы жазалады. Вольбеуэнаның оң қапталдан қақпа маңына асырылған добын сәтсіз қайтарған Йобо өз қақпасына  гол соғып алды. Сөйтіп Нигерия құрамасына бұл гол «жығылған үстіне жұдырық» болды.  

Осылайша француздар сенімді түрде ширек финалға жолдама алды.

 

Әлем чемпионаты-2014. 1/8 финал.

Франция – Нигерия – 2:0  (0:0)

Голдар: Погба 79, Йобо 90+2 (автогол)

Франция: Льорис, Дебюши, Варан, Косельни, Эвра, Погба, Матюиди, Кабай, Вальбуэна (Сиссоко 90+3), Жиру (Гризманн 62), Бензема

Нигерия: Эньяма, Амброус, Йобо, Ошанива, Омеруо, Онази (Габриэль 59), Мозес (Нвофор 89), Микел, Муса, Одемвингие, Эменике

Төреші: Марк Гейгер (АҚШ

Ескерту: Матюиди 55

30 маусым. Ұлттық стадион. Бразилиа.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;