русский язык
Бокс

Әйелдер құрамасы ОҚЖ аяқтады

Әйелдер құрамасы ОҚЖ аяқтады

Қазақстанның әйелдер құрамасы Крит (Греция) аралындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтайды, деп хабарлайды бокс қауымдастығының ресми сайты.

Ресей, Тәжікстан, Молдова мен Греция командаларымен болған бір апталық бірлескен жаттығудан кейін Вадим Присяжнюктің шәкірттері аталған құрамалармен спаррингке (жеңімпаз анықталмайтын, достық кездесу) шықты.

 Әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 кг) ресейлік Каталина Ротарьға, Жайна Шекербекова (51 кг) – ресейлік Светлана Солуяноваға, Дина Жоламан (54 кг) – ресейлік Виктория Гурковичке, Сания Сұлтанқызы (57 кг) – ресейлік Елена Градинарға, Гүлжайна Уббиниязова (60 кг) – Олимпиаданың қола жүлдегері Тәжікстандық Мавзуна Чориеваға, Зарина Цолоеваға (64 кг) – Молдовалық Ирина Сафарова, Олимпиаданың қола жүлдегері Марина Вольноваға (75 кг) – ресейлік Дарья Иванова, Ләззат Күнгейбаеваға (81 кг-дан жоғары) – ресейлік Саида Гамидова қарсы шықты.

2 шілдеде ҚР ҰҚК Қазақстанға қайтып оралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;