русский язык
Футбол

ҚФФ футболсүйер қауымға көмектеседі

ҚФФ футболсүйер қауымға көмектеседі

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Әуесқойлар футбол лигасы Ынтымақтастық меморандумын орнату туралы келісті, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Құжатқа ҚФФ вице-президенті Сейілдә Байшақов пен ҚӘФЛ төрағасы Ерлан Жарылқасынов қол қойды. Тараптар елімізде әуесқой футболын дамыту мен оның танымалдылығын арттыру бағытында серіктестік орнататын болады. Өз кезегінде ҚФФ турнирлер мен ойындарды ұйымдастыру және төрешілік жағынан көмектесетін болады. ҚФФ вице-президенті Сейілдә Икрамұлы Байшақов Қазақстан Әуесқойлар футбол лигасының Құрметті төрағасы болып тағайындалды.

Жалпы, Қазақстан Әуесқойларының футбол лигасы 2009 жылдың күзінде Астанада құрылған. Бүгінде алты мыңға жуық футболсүйер қауымды қамтиды. ҚӘФЛ аясында Астана, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында біріншіліктер өтіп тұрады. Тек Астананың өзінде Лигада 70 шақты командалар бар. Олар әртүрлі қызметтік ұйымдардың намысын қорғайды. Ойыншылардың барлығы да әуесқойлар. Бірақ регламент бойынша әр команда құрамына екі кәсіпқой футбол шеберінен қоса алады.

ҚФФ пен ҚӘФЛ арасындағы Ынтымақтастық меморандум елімізде бұқаралық футболдың дамуына жаңаша серпін болады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;