русский язык
Футбол

Эндрю Мвесигва: «Мүмкін болашақта Қазақстан азаматтығын алармын»

Эндрю Мвесигва: «Мүмкін болашақта Қазақстан азаматтығын алармын»

УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы қарсаңында «Ордабасы» ойыншысы Эндрю Мвесигва қазақстандыө клубтардың еурокубоктердегі мүмкіндігі және өзінің Қазақстан азаматтығын алуы жайлы сөз етті.

- Эндрю, қазақстандық клубтарды еурокубоктердің негізді кезеңіне өту мүмкіндігі қаншалықты?

- Мүмкіндіктері өте зор.

- Қазақстанның ең үздік футболшысы кім деп ойлайсыз?

- Ол жағын айту өте қиын. Бірақ менің ойымша «Қайраттың» капитаны Самат Смақов.

- Сіз біздің елде төртінші жыл қатарынан ойнап жүрсіз, осы жылдар аралығында біздің мемлекет туралы қандай ой қалыптасты?

- Сіздердің елдеріңізде футбол ойнап жүргеніме өте қуаныштымын. 2012 жылы Қазақстан кубогы жеңіп, алғаш рет Еуропа Лигасында ойнап «Ордабасы» тарихына енгенімді мақтан тұтамын.

- Қазақстан азаматтығын алу ойыңызда жоқ па?

- Бұл  жайлы әлі ойлапамтым (күледі), бірақ мен жас ерекшелігіме қарамастан Қазақстанда ойнай аламын, өйткені мен өз Ұлттық құрамамның ойыншысымын. Шынына келер болсақ ойыма келмепті бұл жайт. Мүмкін болашақта алып қалармын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;