русский язык
Футбол

Еуропа лигасының ойындары қазақстандықтарға тапсырылды

Еуропа лигасының ойындары қазақстандықтарға тапсырылды

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Тирасполь» (Молдовия) - «Интер» (Әзірбайжан) кездесуіне УЕФА делегаты болып тағайындалды, деп мәлімдейді kff.kz.

Ойын 2014 жылдың 3 шілдесі күні Тираспольда өтеді. ал УЕФА-ның маркетинг жөніндегі комитеттің мүшесі Қуаныш Қанапьянов 10 шілде күні Грузияның Сачхере қаласында өтетін Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Чихура» (Грузия) - «Гооризонт Турново» (Македония) командалары арасындағы текетірестің жауапты кездесуіне УЕФА делегаты болып тағайындалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;