русский язык
Футбол

Станимир Стойлов: «Футболда мен үшін айқын фаворит жоқ»

Станимир Стойлов: «Футболда мен үшін айқын фаворит жоқ»

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов елордалық команданың Еуропа Лигасына қойған мақсаттарының жоғары екенін клубтың ресми сайтына берген сұхбатында айтты.

- Өкіншке қарай, бізде бірнеше жарақттанған футболшысы бар, бірақ қалған ойыншылар «Пюникке» қарсы ойынға тынбай дайындалып жатыр. Еурокубоктың алғашқы ойынын жақсы бастау бәріміз үшін маңызды. «Пюник» - жас команда болғанымен өте жақсы ойын өрнегін көрсетеді.

- «Астананың» «Пюникті» өту мүмкіндігін қаншалықты бағалайсыз?

- Футболда мен үшін айқын фаворит жоқ. Сол күні матчқа кім тыңғылықты дайындықпен келіп, жақсы ойын ойнаса, сол жеңімпаз болады. Мен жігіттерім «Пюникке» қарсы кездесуге дайын болып, жан алысып, жан беріскен ойын көрсеткенін қалайммын.

- «Пюникті» қарсылас ретінде қаналықты зерттедіңіз?

- Командада жас дарынды ойыншылар баршылық. Олар көбінде жинақы, паспен ойнағанды ұнатады. «Пюник» - Армения футбол тарихындағы ең  танымал әрі жүлде көп алған команда. Бірақ «Астана» өзінің қалыпты ойынын көрсетсе, қорқатын ештеңе жоқ.

- Еуропа Лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы турында қарсылас атануы мүмкін клубтардың ішінде «Пюник» жақсысы ма?

- Егерде келесі кезеңге өтсек қана, жеребе сәтті болды деп айта аламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;