русский язык
Футбол

Владимир Гулямхайдаров: «Астананың» келесі айналымға өте алатынына сенемін»

Владимир Гулямхайдаров: «Астананың» келесі айналымға өте алатынына сенемін»

Қазақстандық футбол маманы Владимир Гулямхайдаров УЕФА Еуропа лигасында «Астана» екі матчтың қорытындысы бойынша «Пюникті» артта қалдырады деп сенеді.

««Астананың» екінші кезеңге өтетін мүмкіндігі зор. Негізгі салмақты өз алаңында өткізетін ойынға салу керек. 2:0 есебімен жеңіп, өз қақпасына гол жібермесе жеткілікті. Ал сосын екінші ойында қорғанысқа көңіл бөліп, қарсыласын қарымта шабуылда ұстап алуға тырысу қажет. Әрине, оңай болмайтынын түсінемін, бірақ олар жеңіске жетуге тиісті. Оның үстіне, «Астана» өз ойынын тауып алған секілді. Станимир Стойловтың жаңа идеялары команданың ойынына өзгеріс алып келетіні анық. Клуб күшейіп келеді, польшалық «Коронадан» Абзар Бейсебеков те қайтып оралды. «Астананың» жеңілетінін айтып жүрген кейбір жанкүйерлерді түсінбеймін. Елордалық футболшылардың келесі айналымға өте алатынына сенемін», - деді Гулямхайдаров.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» мен «Пюник» арасындағы алғашқы матч 3 шілдеде өтсе, қарымта кездесу сол айдың 10 жылдызында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;