русский язык

ӘЧ – 2014. Коста-Рика алғаш рет 1/4 финалға шықты

ӘЧ – 2014. Коста-Рика  алғаш рет 1/4  финалға шықты

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің екінші күнінде Коста-Рика мен Грекия құрамалары кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салды.

 

Кездесуді гректер ерекше қарқынмен бастады. Бірден алдыға үмтылған олар бірнеше қауіпті соққылар жасай білді. Христодулопулус айып алаңына жақындай келіп, Навастың қыралығын тексеріп көрді. Кезекті шабуылда бір шабуылда алыс қашықтықтан Карагунис қақпаны көздеп көргенімен, коста рикалық қақпашы өз орнында.  Гректер шабуылын бір сәтке де тоқтата қойған жоқ, керісінше үдете түсті. Барған сайын Навас қақпасына қауіпті шабуылдар жиілей түсті.  Холебас сол қапталдан қақпа маңында тұрған Салпингидиске пас асырды, ал ол қақпаға допты бағыттағанымен Навас аяғының ұшымен ғана допты шығарып алды. Алғашқы тайм сөзсіз Фернанду Сантуш шәкірттерінің басымдығымен өтті, ал Коста-Рикалықтар тек қарымта шабуыл иек артып қана қойды. Осылайша демалысқа қос ұжым да қақпасын голдан аман сақтап кетті.

 

 

Екінші таймды коста-рикалықтар белсенді бастады, сөйтіп алғашқы шабуылында ақ есепті ашты. Кэмпбел сол қапталда бірнеше ойыншыны қап қалдырып барып, айып алаңына еніп бара жатқан Руиске пас берді. Ал Руис өз кезегінде қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді, Браво дәрменсіз, «бразукканы» көзбен ғана шығарып салды. Сөйтіп Хорхе Луис Пинто шәкірттері есепте алға шықты. Бұдан кейін ойын біраз бәсеңдеп қалды. Керекті есебіне қол жеткізген коста рикалықтар басты назарда қорғанысты ұстаса, гректер керісінше жапа тармағай шабуылға шықты. Мұндай қарқынға қарсы тұру әрине қиындық туғызды. Алаң ортасында доппен жүгірген Холебусты шалып жыққан Дуарте қызыл қағазбен «мараппаталып», командасын қиын жағдайда қалдырды. Соңғы минуттарда Грекия құрамасы шабуыл мүлдем үдете түсті. Самарас пен Кацунаристің ұмтылыстары өткір болғанымен, аса бір қауіпті деуге болмайды. Төреші ойынның негізгі уақытына бір минут қосты. Осымен Коста-Рика құрамасы ширек финалға өтті деген көрермен қауым қатты қателсті. Гректер соңғы шабуылында таразы басын теңестіріп кетті. Гекас айып алаңына еніп, екі қорғаушының арасынан қақпаға соққы жасап үлгерді, алайда Браво өз орынан табылып, допты қайтара білді. Бірақ коста-рикалық қорғаушылар бір сәтке Папастатопулосты ұмыт қалдырып, жазаларын алды. Доппен жалғыз өзі қалған ол бос қақпаны тура дәлдеді. Сөйтіп гректер ширекфиналға өту мүмкіндігін соңғы минуттарда аман алып қалды.

Негізге уақыттан бөлек қосылған жарты сағатта таблодағы есеп өзгерген жоқ. Бәрі сол матч соңындағы пенальтиге кеп түйісті. Ал бұл «лотореяда» коста-рикалықтар жолы болып, футбол тарихында тұңғыш рет ширек финалға жолдама алды.

Әлем чемпионаты. 1/8  финал

Коста-Рика – 1:1 Греция (5:3) 

Голдар: 1:0 - 52' Руис, 1:1 - 90+1' Папастатопулос

Пенальти: 1:0 - Борхес, 1:1 - Митроглу, 2:1 - Руис, 2:2 - Лазарос, 3:2 - Гонсалес, 3:3 - Холевас, 4:3 - Кэмбелл, Гекас - 5:3 - Уманья

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;