русский язык
Футбол

Гейнрих ташкенттік «Локомотивке» ауысты

Гейнрих ташкенттік «Локомотивке» ауысты

«Ақтөбе» клубының ойыншысы Александр Гейнрих өзбекстандық «Локомотив» сапын толықтырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Жазғы трансферлік маусымда «Ақтөбе»  басшылығы бұдан бұлай өзбекстандық легионердің көмегіне жүгінбейтінін айтып, футболшымен келісімшартты бұзған еді. Енді Гейнрих ташкенттік «Локомотив» клубымен екі  жылдық келісім шартқа отырды.

Қазақстанға Гейнрих Бірікен Араб Әмірлігінің командасы «Эмирейтестен» келген болатын. «Ақтөбе» сапында Александар 39 ойынға қатысып 12 мәрте көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;