русский язык
Бокс

Абель Cанчес: «Гил жақсы айқасса, бұл Головкинге пайдалы»

Абель Cанчес: «Гил жақсы айқасса, бұл Головкинге пайдалы»

26 шілдеде АҚШ-та WBA (Super) нұсқасында орташа салмақтағы 32 жасар қазақстандық Геннадий Головкин осы салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 33 жасар австралиялық Дэниэл Гилмен айқасында өз атағы үшін айқасатын болады.

Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Гил шаршы алаңда айқастан қашпайтынын айтты. Санчес қазақстандық боксшының толық мүмкіндігін көрсету үшін, Гил Головкинге жақсы бәсекелестік тудырады деп сенеді.    

«Бұрын біз қарсыластар бір бірінен алшақтайтынына сенімді болсақ, қазір оны Гилдан күтпейміз, - дейді. — Бұл Геннадидің бойындағы қабілеттерін аша түседі деп сенеміз. Ол жақсырақ айқасқан сайын, Геннадийге өзін көрсетуге мүмкіндік туады. Гилдің атағы көбірек, ол әлемнің екі дүркін чемпионы, айқасқа түскендердің қатарынан ең тәжірибелі бокшы. Осы айқаста ол ештеңе де жоғалпайды, оның тағы да әлем чемпионы болуға мүмкіндігі бар».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;