Федерер – Уимблдон додасының 1/8 финалында
![Федерер – Уимблдон додасының 1/8 финалында](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1404019261_816178543.jpg?v=28697367)
Лондон қаласында өтіп жатқан жарыста Хиральдо швейцариялық Федерердің қарқынына төтеп бере алмады.
Роджер Федерер колумбиялық теннисші Сантьяго Хиральдоны үш сетте оңай жеңді - 6:3, 6:1, 6:3. Кездесу бір сағат 22 минутқа созылды.
Рождердің келесі айналымындағы қарсыласы не испаниялық Томми Робредо, не польшалық Ежи Янович болмақ.