русский язык
Футбол

Омари Тетрадзе: «Бізге әр ұпай ауадай қажет»

Омари Тетрадзе: «Бізге әр ұпай ауадай қажет»

Қазақстан чемпионаты аяcында өткен «Атырау» - «Жетісу» кездесуінен соң Омари Тетрадзе баспасөз-мәслихатында шәкірттерінің жігерлігі мен ойынға барын салғаны үшін ризалығын білдірді.

«Шынына келер болсақ, бүгінгі көрсеткен ойынға көңілім толды. Екінші таймға қойылған тапсырмалар толығымен орындалды. Алғашқы таймда қателіксіз ойнағанымызбен, келесі таймда өте өрескел қателік жасап, гол өткізіп алдық. Алайда біздің жігіттер ойынға барын салып үш ұпайды жұлып алды. Қазіргі таңда бізге әр ұпай ауадай қажет. Біз бір ұпай үшін келдік десем, қателескен болармын. Барлық ойынға тек жеңу үшін шығамыз. Осы сәтті пайдаланып ойыншылар мен жанкүйерлерге рақметімді айтқым келеді. Біз өте мықты ұжымды жеңдік. Апта бойы тек қарсыласымызды зерттеп, дайындалғанымздың арқасында осы нәтижеге қол жеткіздік», - деді Тетрадзе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;