русский язык

Аустралиялық букмекерлік кеңсе: Суарес енді кімді тістейді?

Аустралиялық букмекерлік кеңсе: Суарес енді кімді тістейді?

Аустралиялық букмекерлік кеңселердің бірі уругвайлық Лиус Суарестің келесіде кімді тістейтінін табуды ұсынып отыр.

Шабуылшының «құрбаны» болуға ең басты кандидат француз Патрик Эвра болып отыр – бұл жағдайдың орын алуына 33 коэффицент берілген. Содан кейінгі орындарда Джордо Кьеллини мен Бранислав Иванович тұр. Оларды Суарес бір реттен тістеп те шыққан болатын.

Сонымен қатар, Луис Англия патшайымын тістейді деген де ұсыныс бар, ал бұл 500 коэффицентпен өлшенеді.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилиядағы әлем чемпионатында Джордо Кьелинниді тістеп алғаны үшін Луис Суареске ФИФА жазасын берді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;