русский язык
Бокс

Sportingbet: Головкин — Гилге қарсы кездесуде айқын фаворит

Sportingbet: Головкин — Гилге қарсы кездесуде айқын фаворит

Шетелдік букмекерлердің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин — аустралиялық Дэниэл Гилге қарсы кездесуде айқын фаворит.

Естеріңізге сала кетсек, 26 шілдеде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында WBA-ның жартылай салмақтағы әлем чемпионы Головкин осы салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 33 жастағы Гилмен жұдырықтасады.

Дереккөздің жазуынша, бұл кездесуде Sportingbet букмекерлік компаниясы Головкинге айқын басымдықты беріп отыр. Қазақстандық боксшы жеңіске жетеді дегенге 1.07 коэффициент берілсе, Гилдің мүмкіндігі 7.5 коэффициентпен өлшенді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;