русский язык
Футбол

Президент Кубогы. Әзірбайжан сенсация жасады

Президент Кубогы. Әзірбайжан сенсация жасады

Әзірбайжан жасөспірімдер құрамасы Президент кубогының биылғы фаворитіне қарсы ойында тең түсіп, сенсация жасады.

Әлем футболының ең үздік құрамаларының бірі 80 минут бойы сауатты ойнаған Әзірбайжан құрамасын жеңе алмады. Тіпті, Мирхабир Исаев шәкірттері 11-минутта Орудж Исмаилов соққан голдың арқасында бірінші болып есеп ашып. Испанияның біраз әбігерге салды. Есепті теңестіру үшін испандықтарға біраз  күш жұмсау қажет болды. Нәтижесінде, «Барселона» шабуылшысы Карлез Перез Әзірбайжан қақпасынан ақыры саңылау тапты. 

Ал қалған жарты таймның уақытында Испания негізінен тек шабуылдаумен ғана болғанымен әзірбайжандықтар қорғанысын берік ұстап, сауатты ойнады. Нәтижесінде, таблода 1:1 есебі тіркеліп, екі команда да бір-бір ұпайдан еншіледі. 

 

Испания – Әзірбайжан 1:1 (1:1)

Голдар: Исмаилов 11 (0:1), Перес 29 (1:1)

Ескерту: Маммадли 74

Алаңнан қуылу: Маммадли 80+2

Испания: Покови, Айзпери (Мартин 55), Хосе Амо, Забарге, Кукурелла, Виллальба, Бускетс (Ольма 41), Перес, Вилеануева, Гомес (Алена 41), Сегура (Морланес 55)

Әзірбайжан: Корноух, Алиев, Дамиров, Маммадли, Буркан, Ходжиев, Джафаров (Садиханов 80+1), Абыкаров (Исламов 80+2), Исмаилов, Караеви, Бедиеви

Төрешілер: Чеховский, Кәрібаев, Жүнісов (бәрі де - Астана)

27 маусым. Астана. «Астана Арена» стадионы. 150 көрермен.

 

Ақпарат ҚФФ ресми сайтынан алынды

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;