русский язык
Футбол

Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы-2014. Қазақстан финалға шыға алмады

Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы-2014. Қазақстан финалға шыға алмады

Президент Кубогы аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузиямен тең түсті.

Қазақстан мен Грузия құрамалары турнирді жеңіспен бастады, оның үстіне, қарсыластары да бір болды – Қырғызстан құрамасы. Біздің жас футболшылар 3:0 есебімен басым түссе, грузиндер жауапсыз 10 гол соқты. 

Алғашқы он минутта қос қарсылас та допқа иелік етуге тырысып, басымдықты қолға алғысы келді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы белсенді ойнағанымен, анау айтарлықтай қауіпті шабуыл ұйымдастыра алмады. Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. 

Үзілістен кейін жерлестеріміз шабуылын күшейтті, себебі финалға шығу үшін бүгін үш ұпай еншілеу қажет болатын. Ал қонақтар сапынан георги Арабидзені ғана ерекше көзге түсті.

Қанша тырысып баққанымен, Қазақстан командасы грузиялықтардың қақпасынан саңлау таба алмады. Грузия «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы-2014» турнирінің ақтық сынына шықты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы-2014. Топтық кезең. А тобы.

Казақстан – Грузия – 0:0 (0:0)

Казақстан: Подымский, Майраш, Қасым, Алексеев, Рысбеков, Оразов, Наджарян, Сағынов, Зайнутдинов, Жақсыбай (Коряков), Солтанов (Төлеев)

Грузия: Гугешашвили, Курадзе, Куршавишвили, Логошвили, Сагришвили, Курашвили, Почхуа, Квангалиани, Арабидзе, Лежава, Бугридзе

27 маусым. «Астана арена» стадионы. Астана.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;