«Қайрат» Павлодарда үш ұпай еншіледі
![«Қайрат» Павлодарда үш ұпай еншіледі](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1403879982_43393311.jpg?v=28699594)
Футболдан ел бірінішілігің 18-ші туры аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында алматылық «Қайратқа» жол берді.
62-минутта команданың жаңа ойыншысы Бауыржан Байтана соққан гол оңтүстік астаналықтарға жеңіс әкелді.
Бұл жеңісінен кейін «Қайрат» екінші орнында қала бермек, ал павлодарлықтардың алғашқы алтылыққа енуі қиындай түсті. «Ертіс» 21 ұпаймен 8-сатыда. Алайда олардың қарсыластары өз ойынын ойнаған жоқ, демек бұл орыннан да түсіп қалуы әбден мүмкін.
«Ертіс» – «Қайрат» 0:1 (0:0)
Гол: 0:1 – Байтана 62