русский язык
Футбол

Президент Кубогы. Испания – Әзірбайжан – 1:1

Президент Кубогы. Испания – Әзірбайжан – 1:1

Жасөспірімдер арасындағы ҚР Президентінің кубогы сарапқа салынатын Астанадағы халықаралық турнирде Испания құрамасы Әзірбайжан командасымен тең түсті.

Қарсыластар алғашқы таймда бір-бірінің қақпасына бір голдан салды. Алдымен әзірбайжандық жас футболшылар испаниялық қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, есепте алға шықты – Оруч Исмаилов көзге түсті.

Пиреней түбегінің өкілдері 28-минутта таразы басын теңестірді – Карлес Перес оң қанаттан пас алып, ортаға қарай ығысып, сол аяғымен жойқын соққы жасады. Бұл допты номиналды қонақтардың қақпашысы кері қайтара алмады. 

Бұл тең есеп испаниялық командаға В тобында бірінші орын алуға жеткілікті болды, енді олар финалда бас жүлдені сарапқа салады.

 

Испания (U-17) – Әзірбайжан (U-17) 1:1 (1:1)

Голы: 0:1 – Исмаилов (11), 1:1 – Перес (28)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;