русский язык
Футбол

Эррера МЮ-дің жаңа ойыншысы ретінде таныстырылды

Эррера МЮ-дің жаңа ойыншысы ретінде таныстырылды
Андер Эррера ресми түрде «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа отырды.
 
«Қызыл сойқандар» талантты ойыншыны «Атлетиктан» 36 миллион еуроға сатып алды. Келісімшарт - төртжылдық. 
 
«Менің арманым орындалды - мен «Манчестер Юнайтедте» ойнаймын. «Атлетик» сапында «МЮ»-ге қарсы Олд Траффордта ойнаған болатынмын. Бұл менің мәңгілікее есімде қалған ойындарымның бірі. Жаңа командамның сапында жеңіске жету үшін бар күшімді саламын», - деді Эррера «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтына.
 
Андер Эррера «Атлетик» сапында 128 матчқа қатысып 11 гол соқты. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;