русский язык

ӘЧ - 2014. Бельгия мен Алжир келесі кезеңге өтті

ӘЧ - 2014. Бельгия мен Алжир келесі кезеңге өтті

Футболдан әлем біріншілігінің соңғы G тобында Алжир мен Бельгия құрамасы келесі кезеңге шықты.

Оңтүстік Корея мен Бельгия арасындағы кездесу тартысты өрбіді. Екінші таймның басында Дефур кореялық ойыншыға қарсы ереже бұзып алаңнан қуылған болатын. Артынша, матчтың 78-ші минутында Ян Вертонген кореялық қақпашының қателігін ұтымды пайдаланып өз командасына жеңіс сыйлады - 1:0. 

 

Футболдан Әлем біріншілігі. G тобы. 3-ші тур. 

Бельгия – Оңтүстік Корея – 1:0 (0:0)

Гол: Вертонген 78

 

Ал, екінші плей-офф кезеңіне жолдаманы Ресей мен Алжир құрамасы сарапқа салды. Матчтың бесінші минутында-ақ Кокорин Комбаровтың пасынан есепті ашты. Дегенмен, ойынның 60-шы минутында Алжир құрамасының жетекші ойыншысы Сүлеймани таразы басын теңестіріп өз командасын 1/8 финалына шығарды. 

 

Ресей - Алжир – 1:1 (1:0)

Голдар: Кокорин 5 - Сүлеймани - 60

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;