русский язык

ӘЧ – 2014. Португалия Гана құрамасын плей-оффтан тайдырды

ӘЧ – 2014. Португалия Гана құрамасын плей-оффтан тайдырды

Әлем чемпионатының «G» тобында өнер көрсететін еропалық Португалия мен африкалық Гана күш сынасып, өзара мықтыны анықтап көрді.

Матчты Португалия құрамасы белсенді бастады. Алғашқы шабуылды да, алғашқы соққыны да португалиялықтар жасады.

Сол қапталмен жүгірген Криштиану Роналду қақпаға соққы бағыттады, алайда доп қақпа маңдайшасына тиіп кері қайтты.

Бірер минут өткен соң Роналду тағы да мүмкіндігін мүлт жіберді. Команда капитаны орындаған айып добын Дауда сәтті қайтарды.

Сол қапталдан Эдер әуелетіп көтерген допқа бірінші жеткен Роналду баспен қақпаға соққы бағыттағанымен Гана қақпашысы шеберлік танытып, қиындықпен шығарп алды.

Гана құрамасының шабуылын Айю жасады. Айып алаңына кірген Джордан қақпаны дәл көдегенімен, Бету қақпасын голдан аман сақтап қалды.

31-ші минутта португалиялықтар діттегендеріне жетті. Аморимнің қапталдан ортаға асырған пасын сәтсіз қайтарған Бойе өз өаөпасына гол соғып алды.

Бірінші таймның қалған бөлігінде таблода тіркелген есеп өзгермеді.

 

 

Екінші таймды Гана құрамасы белсендірек бастады. Алғашқы соқыны да солар жасады. ... айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасағанымен, оған сәл дәлдік жетіспеді.

Матчтың 58-ші минутында Асамоа Гьян таразы басын теңестірді. Сол қапталдан басталған шабуылда Квадко қақпа маңында тұрған Гьянға пас асырды, ол Асамоа баспен допты қақпаға бағыттады. Бету қанша «тырмысқанымен» допқа жете алмады.

Ойын басымдығын толықтай Гана футболшылары өздеріне алды. Осындай ұрымтал сәттің бірінде Роналду алыстан иіре соққы бағыттады. Бірақ оған дәлдік жетіспеді.
 

Екінші таймның ақталар тұсында өрескел қателік жіберді. Нанидің әуелетіп көтерген добын қақпашы қақшып ұстаудың орнына, жұдырықпен алдыға асырып жіберді. Доптың алдында тұрған Португалия құрамасының капитаны Роналду бос қақпаны дәл көздеді. Осылайша Паулу Бенту шәкірттері есепте алға шықты.

Қарымта шабуылға шыққан Гана ойыншыларының ұмтылысы Аккудың жойқын соққысымен аяқталды.  Алайда Бету торуылдаған қақпадан доп қиыс кетті.

Кезекті бір шабуылда Криштиану Роналдудың мүмкіндігі болды. Қақпашымен жеке дара шыққан ол, Даудадан айласын асыра алмады.

Роналдудың бүгін жолы болмауда. Енді бір ұмтылыста қақпашымен бірге бір шығып тұрып, гол соға алмады. Гана қақпашысы тағы да шеберлігін көрсетті.

Осылайша Португалия мен Гана құрамалары Бразидияға сапарын аяқтады. Ал осы топта өнер көрсететін Германия мен АҚШ құрамалары келесі кезеңге жолдамасын қамтамасыз етті. 

 

Әлем біріншілігі. «G» тобы

Португалия – Гана – 2:1 (1:0)

Голдар: Бойе 30(автогол), Роналду (81) – Гьян (57)

Португалия: Бету (Эдуарду 89), Бруну Алвеш, Пепе, Мигел Велозу, Вилльям Карвалью, Роналду, Моутинью, Эдер (Вьеринья 69), Нани, Аморим, Перейра (Варела 61)

Гана: Дауда, Гьян, Атсу, Агьеманг-Баду, Андре Айю (Вакасо 81), Рабиу (Аква 76), Уорис (Джордан Айю 71), Менса, Асамоа, Бойе, Аффул.

Бас төреші: Наваф Абдулла Шукралла (Бахрейн).

Ескертулер: Моутиньо 90+4 - Аффул 39, Уорис 55, Джордан Айю 78

26 маусым 2014. Ұлттық стадион. Бразилиа.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;