русский язык

ӘЧ – 2014. Мюллер Германия құрамасына жеңіс сыйлады, АҚШ – екінші

ӘЧ – 2014. Мюллер Германия құрамасына жеңіс сыйлады, АҚШ – екінші

Футболдан әлем біріншілігінің «G» тобында үшінші тур ойындары өтті.

Ресифе қаласының «Пернамбуку» стадионында әлем чемпионатының басты фавориті Германия АҚШ құрамасын қабылдады. Кездесу басталысымен немістер допқа иелік етіп, Тим Ховард қорғаған қақпаның саңлауын іздеді. Бірнеше сәтті мүмкіндіктерін еуропалықтар жүзеге асыра алмады. Артынша, Тони Кроос алыстан екпіндеп соққы бағыттаған, алайда «Эвертонның» қақпашысы өз орнынан табылды. Қарымта шабуылда «Янкилер» есеп ашатын мүмкіндікті жіберіп алды. Әйтсе де, ойын тартысты өрбіп жатыр. Қос командада бір-бірінің қақпасына гол соға алмауда. Осылайша, бірінші тайм голсыз аяқталды.

Екінші тайм германиялықтардың шабуылдарынан басталды. Алдымен, Подольскиді алмастырған Мирослав Клозе баспен жойқын соққы жасаған, бірақ Тим Ховард қауіп бетін сәтті қайтарды. Содан соң, Томас Мюллер қарбалас сәтте өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, кездесуде есеп ашты – 1:0. Осылайша, «Баварияның» шабуылшысы үздік сұрмергендер қатарына қосылды. Жұлдызды жолақтылар есепті теңестіруге ұмтылғанымен бұдан нәтиже шықпады. Десек те, ойынның соңғы минутарында Юрген Клинсманның жігіттері таразы басын теңестіретін сәтті мүмкіндікті жүзеге асыра алмады. Ойын соңына дейін есеп өзгермеді – 1:0.

Германия құрамасы 7 ұпаймен G  тобында бірінші орын алса, АҚШ құрамасы Португалия мен Гана құрамасын артта қалдырып 4 ұпаймен плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Футболдан Әлем чемпионаты. «G» тобы. 3-ші тур

АҚШ – Германия-0:1

Гол: Мюллер, 55   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;