русский язык

ӘЧ – 2014. Франция – бірінші, Эквадор топтық кезеңнен шыға алмады

ӘЧ – 2014. Франция – бірінші, Эквадор топтық кезеңнен шыға алмады

Футболдан әлем біріншілігі аясында «Е» тобының соңғы кездесулері өтті.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы атақты «Маракана» стадионында Эквадор мен Франция мықтыны анықтады. Кездесу өте баяу басталды. Дегенмен француздар ойын тізгінін ұстап, бірнеше шабуылдар жасап үлгерді. Әйтсе де, бұл мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. «Ньюкаслдың» ойыншысы Мусса Сиссоко құлыштап тепкен болатын, бірақ эквадорлық қақпашы Алехандро Домингес допқа иелік етті. Артынша, Эннер Валенсия үш жолақтылардың айып алаңына кіріп қиыс соққы бағыттады. Матчтың 27-ші минутында Кәрім Бензема Саньяның әдемі асырылған пасына үлгермеді. Кейін, әлем футболының жас жұлдызы Поль Погба баспен жойқын соққы бағыттаған, алайда колумбиялық қақпашы Домингес қауіп бетін сәтті қайтарды. Бірінші таймның соңғы минуттарында Кәрім Бензема оң аяқпен екпіндеп тепкен болатын, бірақ Домингес допты сәтті қайтарды. Осылайша, бірінші тайм голсыз аяқталды.     

Екінші таймның басында Антуан Гризман Саньяның пасынан қақпа маңдайшасына тиді. Қарымта шабуылда Кристиан Нобоа есеп ашатын мүмкіндікті жіберіп алды. Оның соққысына дәлдік жетіспеді. Франция қорғаушысы Диньге қарсы ереже бұзған үшін Эквадордың капитаны Антонио Валенсия алаңнан қуылды. Француздар басымдыққа ие болды. Сосын, Блез Матюйди отыз метрдей жерден екпіндеп тепті, доп қақпадан биік кетті. Үш жолақтылар бірнеше шабуылдар жасаған, бірақ бұдан нәтиже шықпады. Ары қарай, Поль Погба баспен бос бұрышты көздеген еді, бірақ доп қақпа бағанасынан қиіс кетті. Тағы бір Бензаманың соққысын Домингес сәтті қайтарды. Матчтың 82-ші минутында эквадорлық футболшы Эннер Валенсия әдемі соққы бағыттаған, алайда Уго Льорис қауіп бетін сәтті қайтарды. Бензема! Жирумен пас алмасып Домингестен айласын асыра алмады. Ойын аяқталуына екі минут қалғанда тыңнан алаңға қосылған Лойк Реми өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Екі минуттан кейін Поль Погба мүлт кетті. Ойын соңына дейін есеп ашылмады - 0:0. 

 

«Е» тобының екінші матчында Швейцариялытар Джердан Шекаридиің хет-тригі арқасында Гондурастан басым түсіп, плей-офф кезеңіне шықты.  

Футболдан Әлем чемпионаты. Е тобы. 3-ші тур.

Эквадор-Франция – 0:0

  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;