русский язык
Футбол

Иван Перич: «Мен Қазақстанды сүйіп қалдым»

Иван Перич: «Мен Қазақстанды сүйіп қалдым»

Қазақстанда көп жылдар бойы доп тепкен, қазіргі таңда «Кукеси» командасының шабуылшысы Иван Перич «PROСПОРТ» тілшісімен әңгіме барысында Еуропа Лигасы аясында «Қайратпен» кездесетіні туралы ой қозғады.

- Қарсыласыңыз Қазақстаннан болғанына таңғалдыңыз ба?

- Шыны керек, жеребе тартылып жатқанда қарсыласымыз Қазақстаннан түссе екен деп тіледім. Мүмкін «Қайраттың» түскеніне мен себепкер шығармын. Қазақстаннан қарсылас атанғанына қуаныштымын. Қайта Қазақ еліне келетінімді сөзбен жеткізе алмаймын.

- Сіз жақында ғана Албания клубының қатарын толықтырдыңыз, Қазақстаннан қызығушылық танытты ма?

- Иә, бірақ нақты емес еді. «Келсең келісіп көреміз» немесе сынақтан өткізіп көрейік деген әңгімелер болды, бірақ мен Қазақстанда жеті жыл ойнадым. Мені білмесе онда не үшін шақырады? «Кукеси» Еуропа Лигасында ойнайтын болғандықтан осы команданы таңдадым.

Мүмкіндік болса Қазақстан әнұранын орындайсыз ба?

- Мен сіздердікін түгілі, өз ана тілмідегі әнұранды айта алмаймын. Қазақ тілінде бірнеше мәрте жаттауға тырыстым, алайда бәрі сәтсіз. Бірақ әнұран орындалып жатқанда міндетті түрде қолымды жүрегіме қоямын. Шын айтамын, егер білгенде айтатын едім.

- Қазақстанға қайта оралуыңыз мүмкін бе?

- Мен ол жаққа саяхаттап та барамын. Қазақстан – менің екінші үйім секілді. Бірнеше рет қайталап айтамын. Мен Қазақстаннан бөлек шықпаймын, мен бұл елді сүйіп қалдым, ол жақта достарым өте көп, өзімді ыңғайлы сезінемін. «Қайратқа» қарсы үйімде ойнаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;