русский язык

Қызылордада Илья Ильин атындағы спорт кешені салады

Қызылордада Илья Ильин атындағы спорт кешені салады

Биыл Қызылорда қаласының орталығында Илья Ильин атындағы спорт кешені, бокс орталығы, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында - стадион, Жаңақорған және Әйтеке би кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленовтің айтуынша, соңғы 5 жылда облыста 320 шағын спорт алаңдары пайдалануға берілді. 

Барлық аудан орталықтарындағы стадиондарға жасанды шөп төселіп, көрермен орындықтары қайта қалпына келтірілді. Облыстық футбол федерациясы тарапынан Жақында қаланың «Сыр самалы» жағажайында жағажай футболының аренасы іске қосылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында - 3,аудандарда - 7 шағын спорт алаңдары ел игілігіне ұсынылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;