русский язык
Футбол

Президент кубогы басталды

Президент кубогы басталды

Елордамыздың «Астана-Арена» стадионында «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» халықаралық жетінші дәстүрлі турнирінің ресми ашылу салтанаты өтті.

1998 жылғы (U-17) жасөспірімдер құрамалары арасындағы турнирге Қазақстаннан бөлек, Әзірбайжан, Испания, Грузия, Қырғызстан және Тәжікстан құрамалары қатысуда.

 

Ашылу салтанатында алғаш сөзді ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев алып, жеткіншектерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілдә Байшақов та көпшілік алдында сөз сөйлеп, турнирдің қызықты да, тартысты өтетініне сенім білдірді.

 

Командалар қолдаусыз қалмайды. Өз жерлестеріне дем беру үшін турнирдің әр ойынына Әзірбайжан, Грузия, Испания, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық өкілділігінің өкілдері келуге ниет танытып отыр.
Сонымен қатар, ашылу салтанатында ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі өнерлерін көрсетіп, салтанатқа сән қосты.


Ашылу салтанатынан кейін алаңға Қазақстан және Қырғызстан құрамалары шықты. Турнир осы жылдың 29 маусымына дейін жалғасатын болады.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;