русский язык

ӘЧ – 2014. Аргентина мен Нигерия – келесі кезеңде

ӘЧ – 2014. Аргентина мен Нигерия – келесі кезеңде

Футболдан әлем біріншілігінің «F» тобында Нигерия мен Аргентина құрамалары кездесті.

Порту-Алегри қаласының «Бейра-Рио» стадионындағы кездесу басталды. ГОЛЛ!! Матчтың үшінші минутында-ақ Лионель Месси Эньяманың қайтарған добына бірінші жетіп, кездесуде есеп ашты – 1:0. Араға бір минут салып, Ахмед Муса есепті теңестірді. Қарымта шабуылда «ЦСКА»-ның шабуылшысы сол қапталдан Ромеронің бос тұрған бұрышын дәл көздеді – 1:1. Үш минуттан кейін Анхель ди Мария екпіндеп текпен, Эньяма өз орнынан табылды. Содан соң, Гонсало Игуаин Мессидің әдемі пасынан Эньямадан айласын асыра алмады. Аргентиналықтар Нигерияны қыспаққа алды. Допқы иелік етіп, жиі шабуылдауда. Десек те, Эньяма нық өнер көрсетуде. Қарпалыс сәтте Нигерияның шабуылшысы Питер Одемвинги алыстан соққы жасаған, алайда доп қақпа маңдайшасынан биік кетті. Артынша, мадридтік Реалдың үздік ойыншысы Анхель ди Мария алыстан құлыштап соққы бағыттаған, бірақ Винсент Эньяма қауіп бетін қайтарды. Бірінші таймның аяқталуына үш минут қалғанда Лионель Месси айып соққыдан есепті еселейтін мүмкіндікті жіберіп алды. Әлемнің үздік футболшысы бағыттаған доп Эньяманың қолынан табылды. ГОЛЛЛ!! Месси айып соққыны керемет орындап есепті еселеді – 2:0. Бірінші тайм аяқталды, Месси дублдің авторы атанды.

Екінші таймның басында нигериялықтар таразы басын теңестірді. Ахмед Муса аргентиналықтардың айып алаңына кіріп Ромероны қапы қалдырды – 2:2. Бірден Анхель Ди Мария алыстан әдемі соққы бағыттаған, алайда Винсент Эньяма допты қайтарды. Әйтсе де, аргентиналықтар есепте алға шықты. Маркос Роха асырылған бұрыштама допқа бірінші жетіп командасын алға шығарды – 3:2. Кейін, Гонсало Игуаин тағы да Мессидің пасынан Эньяманы алдай алмады. Содан соң, Гонсало Лионельге пас шығарып берді, бірақ Месси мүлт кетті. Нигерияның ойыншысы Майкл Бабатунде жарақат алып, орнына Майкл Учебо шықты. Ал матчтың үздік ойыншысы Мессиді Рикардо Альварез алмастырды. Ахмед Муса үшінші гол соғатын мүмкіндігі болған, алайда доп қақпадан қиіс кеті. Ары қарай, Лавецци Альварезтің пасынан соққы бағыттаған, Винсент Эньяма соққыны қайтарды. Қарымта шабуылда, «Зениттің» жаңа ойыншысы Гарай баспен соққы бағыттаған болатын, доп қақпа бағанысынан сәл қиіс кеті. Артынша, Ди Мария қапқашымен бірге-бір шығып, Эньямадан айласын асыра алмады. Ойын соңына дейін есеп өзгермеді - 3:2. 

Осылайша, Аргентина мен Нигерия құрамасы әлем біріншілігінің 1/8 финалына жолдама алды.        

 

Футболдан Әлем чемпионаты. F тобы. 3-ші тур.

Нигерия-Аргентина – 2:3

Голдар: Муса, 4, 47 – Месси, 3, 45, Рохо, 50

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;