русский язык
Бокс

Әйелдер құрамасы Критте

Әйелдер құрамасы Критте

Қазақстан Республикасының бокстан әйелдер ұлттық құрама командасы Ресей, Тәжікстан, Греция құрама командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін, Грецияға (Крит аралы) келді.

Элладаға құраманың алдыңғы қатардағы боксшылары жіберілді: 48 кг – Назым Қызайбай, 51 кг – Жайна Шекербекова, 54 кг – Дина Жоламан, 57 кг – Сәния Сұлтанқызы, 60 кг – Гүлжан Уббиниязова, 64 кг – Зарина Цолоева, 69 кг – Дариға Шәкімова, 75 кг – Марина Вольнова, 81 кг-дан жоғары – Ләззат Күнгейбаева.

Оқу-жаттығу жиынының тоғыз күнінен кейін Вадим Присяжнюктің шәкірттері аталған елдердің әйел-боксшыларымен спаррингтер өткізеді.

Ақпарат бокс қауымдастығының ресми сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;