русский язык

«Қазақстан Барысы» додасын «Боец» арнасы көрсетеді

«Қазақстан Барысы» додасын «Боец» арнасы көрсетеді

«Қазақстан Барысы» додасын тамашалауға барша әлемге тарайтын «Боец» арнасының директоры Сергей Завилейский келмек, деп мәлiмдеді жоба авторы  Арман Шораев.

«Бiзге әлемнiң ең iрi спорт телеарналарының бiрi саналатын «Боец» арнасының директоры Сергей Завилейский келедi. Ол – бiздiң ескi досымыз. Сонымен қатар бiз өзге де халықаралық меймандарды күтудемiз. Каратэ-додан танымал акинавалық сэнсей Морио Хигаонна (10-шы дан) қонаққа келеді деген жоспар бар. Әдетте оның артынан 30-40 жапондық тiлшi ерiп жүредi», – дейдi А. Шораев.

Оның айтуынша, «Боец» арнасы турнирдi тiкелей эфирде көрсететiн болады. Қазақстандық арналардан KAZSport трансляция жасамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;