русский язык

Месут Өзіл: «Англия, Италия мен Испанияның топтан шыға алмағанына әлі де сенбеймін»

Месут Өзіл: «Англия, Италия мен Испанияның топтан шыға алмағанына әлі де сенбеймін»

Футболдан Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Өзілді Англия, Италия мен Испания құрамаларының топтық кезеңнен шыға алмауы қатты таң қалдырды.

«Англия, Италия мен Испанияның топтық кезеңнен шыға алмағанына әлі де сенбеймін. Сұмдық Әлем біріншілігі» — деп жазды Өзіл «твиттердегі» ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Англия мен Испания құрамасы екінші турдан кейін үйлеріне қайтатыны белгілі болды. Ал, Итальяндықтар шешуші кездесуінде Уругвайға есе жіберіп топтық кезеңнен кері қайтты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;