русский язык

ӘЧ – 2014.Колумбия «күн шығыс» елін үйіне қайтарды

ӘЧ – 2014.Колумбия «күн шығыс» елін үйіне қайтарды

Әлем біріншілігінің «С» тобында өнер көрсететін Жапония мен Колумбия құрамалараы кездесіп, плей-офф тағдырын сарапқа салынды.

Ойынды Жапониялықтар бірден өз қолдарына алды. Осылай алғашқы он минут бір бірін зерттеумен кетті.

Алайда15-ші минутта қорғаушы Конноның жіберген қателігінен, Ковасиманың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Нүктеге жақындаған Куадрадо мүлт кетпеді. 

Дзакеронни шәкірттері есепті теңестіруге тырысып бақты. Жапонияның сұрмергені Хонда айып добын орындап көрді, алайда қақпа бағанасынан сәл ғана қиыс кетті. 

Колумбия ойыншысы Рамос оң қапталмен сытылып өтіп, ортада тұрған Дж.Мартинеске пас асырды. Джексон қақпаға соққы бағыттауға ыңғайлы тұрғанымен, оған дәлдік жетіспеді.

Демалысқа кем дегенде тең есеппен шыққысы келген «күн шығыс» елінің өкілдері алға ұмтылды. Алғашқы таймға қосылған бір минуттың ішінде гол соғып үлгеру керек деп тұрді санасында жапондықтардың. Хонда оң қапталмен қақпа сызығына жақындай келіп, қақпа маңына әулетіп пас асырды. Допқа бірінші жеткен Окадзаки баспен жақын бұрыштыдәл көздеді. Осылайша жапондықтар таразы басын теңестіріп, демалысқа жақсы көңіл күймен аттанды. 

 

 

Екінші тайм басталысымен Колумбия ойыншылары шабуылға шықты. Әрине оларды тең есеп қанағаттандырмайтыны анық, 55-ші минутта колумбиялықтар ортада қысқы пас алмасып, соңы Мартинесті қақпашымен жеке шығарып берді. Ал Джексон мұндай мүмкіндікті құр жібермейтіні анық еді. Сонымен Пекерман шәкірттері есепте алға шықты.

Жапониялықтар енді бір шабуылы голмен аяқталуы мүмкін еді. Эндо қапталда екі қорғаушыны қап қалдырып, қақпа маңында тұрған Окубоға пас асырды. Ал оның тепкен добы қақпа бағанасынан биік кетті.

Колумбиялықтар 82-ші минутта үшінші голдарын соғады. Рамос Дж.Мартинеске тамша пас шығарып берді, Джексон алдында тұрған екі қорғаушыны бир қимылмен шаң қаптырып, допты қақпаның алыс бұрышына иіріп тепті.

Матч аяқталуына бір минут қалғанда Жэймес ойынның нүктесін қойды. Сол қапталдан айып алаңына еніп, қорғаушы мен қақпашыны қапы қалдырды. Сөйтіп, есепті 1:4-ке жеткізді.

Осылайша Колумбия құрамасы келесі кезеңге жолдама алса, «күн шығыс» елінің өкілдері топта соңғы орын алып, үйлеріне аттанды.

 

 

Жапония – Колумбия 1:4 (1:1)

Голдар: Куадрадо Х. 17'  45+1' Окадзаки С. Мартинес Дж. 55'  Мартинес Дж. 82'  Родригес Дж. 89' 

Бас төреші: Педру Проэнса

Қосалқы төрешілер: Тиагу Тригу, Бертину Миранда

25 июня 2014, 02:00 Пантанап арена стадионы 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;