Андрей Голубев әлемнің бірінші ракеткасынан жеңілді
![Андрей Голубев әлемнің бірінші ракеткасынан жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1403619978_867256849.jpg?v=28695335)
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Wimbledon-2014 турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.
Әлемдік рейтинге 56-шы орында тұрған Андрей Голубев турнирдің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичпен кездесіп, 0:6, 1:6, 4:6 есебімен ұтылды.
Новак Джокович екінші айналымда чех Радек Штепанекпен ойнайды. Штепанек бірінші кезеңде уругвайлық теннисші Пабло Куэвастан 6:2, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.