русский язык

Коста-Рика – Англия. Рой Ходжсон Руни, Харт, Джеррардты қосалқы құрамда қалдырды

Коста-Рика – Англия. Рой Ходжсон Руни, Харт, Джеррардты қосалқы құрамда қалдырды

Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон топтық кезеңнің соңғы матчына бірнеше өзгерістер енгізді.

36 жастағы ардагер Фрэнк Лэмпард «Ливерпульдің» көшбасшысы Стивен Джеррардтың орнына шығып, ойында капитанның рөлін атқарады. Сонымен қатар, «МЮ-дің» шабуылшысы Уэйн Руни де Коста-Рикаға қарсы қосалқы құрамда қалған екен. Алғашқы екі ойында британиялықтардың қақпасын қорғаған Джо Харт та кездесуді бірінші минуттан бастамайды.

«Үш түсті арыстандардың» коста-рикалықтарға қарсы матчта алаңға шығатын негізгі құрамы:

Фостер, Джонс, Кейхилл, Смоллинг, Шоу, Милнер, Лэмпард, Уилшир, Баркли, Лаллана, Старридж.

Естеріңізге сала кетсек, Англия құрамасы Италия және Уругвай командаларынан жеңіліп, плэй-оффқа шыға алмай қалды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;