русский язык

Альберт Линдер ӘЧ-ның қола жүлдегері

Альберт Линдер ӘЧ-ның қола жүлдегері

Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

69 келі. Жарыс қорытындысы:

1. Карем Бен Ния (Тунис) - 318 (145+173)

2. Юань Ченфей (Қытай) - 317 (146+171)

3. Альберт Линдер (Қазақстан) - 313 (140+173)

Ал бұған дейін сынға түскен қазақстандықтар, атап айтсақ, Игорь Сон (56 келі), Тимур Хасаров (62 келі), Михаил Дроздов (62 келі) және Михаил Макеев (69 келі) жүлделі орындарды иелене алмады.

Ертең зілтемір сахнасына Қазақстанның атынан 85 келіде өнер көрсететін Станислав Демидов шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;