русский язык
Футбол

«Қайраттың» жаңа ойыншылары өз ойымен бөлісті

«Қайраттың» жаңа ойыншылары өз ойымен бөлісті

Алматылық «Қайрат» сапын жаңадан толтырған қазақстандық Исламбек Қуат, бразилиялық Исаэль, ивуарлық Жерар Гоу мен испаниялық Сито Риера клубтың ресми сайтына «халық командасынан» алған алғашқы әсерлері мен не себепті осы клубты таңдағаны жайлы айтып берді.

Исламбек Қуаттың «Қайрат» ауысуына түрткі болған жайт алматылық клубтың жастарға басты назар аударатыны: ««Қайратқа» келгеніме қуаныштымын. Басшылық жастарға сенім артады. Алматылық клуб маған қызығушылық танытқанда мен көп ойланбастан келісімімді бердім, өйткені «Қайрат» өте жақсы ұжым. Ал «Астана» болса әрқашан жүрегімде болады. Командадан кетерде көңілімді мұң басты, бірақ бір жағынан қуандым да. Өйткені «Астанада» мен ойынға көп араласпайтын едім, енді «Қайратта» өзімнің шеберлігімді көрсетемін».

Жерара Гоу үшін алматылық клубқа көшуіне Қайрат Боранбаевпен таныстығы мен бапкерідің танымалдылығы себеп болған: «Мен мұнда Қайрат Боранбаевты жеке танығандықтан және Вайсстың қандай мықты бапкер екенін білгендіктен келдім. Боранбаев мырза – өте жақсы адам, ол кісіге сенім артуға болады».

Исаэль командада жақсы қарсы алғанын айтты: «Мен «Қайрат» пен Алматы қаласы туралы көп естідім.  Алматы өте әдемі қала екен. Командаға келер болсақ жақсы қарсы алды әрі клубта ұйымдастырылу жағы жоғарғы деңгейде».

Сито Риера «Қайратпен» бірге Еурокобік аренасында талайды бағындыратынына сенеді: «Бүгін клубтағы алғашқы күнім болса да, алған әсерім өте жағымды. «Қайратқа» келгеніме қуаныштымын. Қазақстан елі туралы да, ұлттық құрамаларыңыз туралы да естіген болатынмын. «Қайрат» тарихқа бай даңқты команда екенінде білемін. Мен Украинада екі маусым «Черноморц» сапында доп тептім. Еурокубоктарда жақсы нәтижелер көрсеттік. Бірақ өздеріңіз білесіздер ол жақта қазір тыныш емес, саяси қақтығыстар орын алуда. Қазақстанға келуге мүмкіндік туды, бір жағынан клуб Еуропа Лигасында өнер көрсетеді. Сондықтан өз келісімімді бердім. Еуро алаңда барынша сәтті ойнасақ деп үміттенемін. Жеке өзіме келер болсам, ең жақсы ойынымды көрсетіп, жан жақтан шыңдалғым келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;