русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Тбилисидегі турнирде финалға дейін жетті

Қазақстандық теннисші Тбилисидегі турнирде финалға дейін жетті

Шымкент қаласының жас теннисшісі Дастанбек Ташболатов Грузияда өткен халықаралық турнирдің финалына шықты.

16 жасқа дейінгі додада отандасымыз ақтық мәреде ғана сүрінді. Ол финалда ресейлік Савва Полуханнен үш сетте жеңілді - 6:2,2:6,6:4. Бір айта кетерлігі, жас қазақстандық «Team Kazakhstan-ның» түлегі. Сонымен қатар, ол финалға дейінгі кездесудің бәрінде де қарсыласына бір сет те бермеген. Олардың ішінде турнирдің қожайындары Джиорджи Пангани мен  Важа Шабладзе бар.

Дастанбек Ташболатов бұл жақта екінші жыл өнер көрсетуде, бұған дейін ол осындай турнирде жеңімпаз атанды. 

Шымкенттің тумасы осы аптада 16-жасқа дейінгі теннисшілердің арасында Еуропаның 10-ракеткасы болады, деп хабарлайды sport.nur.kz.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;