русский язык
Футбол

Андрей Сидельников: «Динамоны» жақсылап зерттейміз»

Андрей Сидельников: «Динамоны» жақсылап зерттейміз»

«Ақтөбе» футбол клубы мен Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Андрей Сидельников «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы жайындағы пікірін білдірді.

 «Бізгі мықты қарсылас түсті деп есептеймін. Жазғы жаттығу жиындарын олармен бір алаңда өткіздік, Былайынша, ойынын көріп қалдық, бүге-шігесіне дейін айтып бере алмаймын, бірақ алдағы уақытта «Динамоны» (Тбилиси) жақсылап зерттейміз. Қазіргі таңда «Астанаға» қарсы өтетін алдағы кездесуге дайындалып жатырмыз, сапалы ойын көрсетуге тырысамыз», - деді Сидельников.

Айта кетейік, «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы бірінші ойынын шілденің 15/16 Грузияда өткізеді. Қарымта матч - 22/23 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;