русский язык
Футбол

Григорий Бабаян: «Қарсыламыз жайлы ақпараттар аз»

Григорий Бабаян: «Қарсыламыз жайлы ақпараттар аз»

«Астана» футбол клубының уақытша бас бапкері қызметін атқарған Григорий Бабаян  «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- Бізге мықты команда түсті. Қателеспесем, «Пюник»  - он дүркін Армения чемпионы. Паспен ойнай білетін жақсы команда. Қәзірде, қарсыламыз жайлы ақпараттар аз, алдағы уақытта «Пюниктің» ойынын зерттей бастаймыз.

- Еуропа Лигасы қарсаңында командаға жаңа ойыншылар келе ме?

- Әзірге, ауызша ғана келісімдер бар. Бірінші кезеңге дейін үлгермейміз.

- Станимир Стойлов командамен бірге алғашқы жаттығуын өткізді ме?

- Иә. Бүгін Станимир Стойловтің бапкерлігімен алғашқы жаттығу жұмыстары өтті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;