русский язык

ӘЧ – 2014. Португалия АҚШ-тың қарқынына тойтарыс бере алмады

ӘЧ – 2014. Португалия АҚШ-тың қарқынына тойтарыс бере алмады

Әлем біріншілігінің «Н» тобында өнер көрсететін АҚШ пен Португая құрамалары кездесіп, кім мықтыны анықтап көрді.

Матчтың алғашқы шабуылы нәтижелі аяқталды Кэмерон көтерген пас тура Нанидің аяғына кеп түсті, ал оның өз шіреніп тұрып тепкен добы қақпа ішінде тулап жатты. Есеп 1:0 Португплия құрамасының пайдасына.

АҚШ ойыншылары қарымта шабуылға иек артты. Соның бірінде Дэмпсидің қақапаға бағытталған добын Эдуарду қиындықпен тойтарды. Дэмпси көп шабуылдауға тырысты. Бірде қақпашымен жеке шығып, айласын асыра алмаса, бірде қақпадан мүлт кетіп жатты.

Матч барысында әлсін әлсін көрінген Криштиану Роналду тайм ортасына таман белсенді ойыншылардың біріне айналды. Кезекті шабуылдың бірінде оң қаптал арқылы сытылып өтіп өаөпға тура соққы бағыттағанымен Хоуард өз орнында.

Енді бірде Роналду сол қапталмен өтіп ортадағы Наниге пас асырды, а оның жойқын соққысы тағы да сол АҚШ қақпашысы шеберлік ұстап алды. Португалия ойыншылары шабуылды бір сәтке де тоқтатпады.

Нанидің қапталдан тепкен добы қақпа бағанасына тиіп кері серпілді, екінші деммен Эдер соққы жасайды алайда Хоуард шеберлігін көрсетіп, қақпасын голдан аман сақтап кала алды.

Жеңіліп жатқан АҚШ құрамасы екінші таймыд белсенді бастады. Бірінші шабуыл соққымен аяқталды. Джонсон тепкен допты Бету сәтті қайтарды.

Бұл жолы АҚШ құрамасының есепті теңестіруге керемет мүмкіндігі болды. Джоунсон қапталмен өтіп қақпашы қапы қалдырып барып Бреддиге пас береді, ал оның бос қақпаға тепкен добын Кошта аяғымен тосып алып, командасы құтқарып қалады.

Қарымта шабуылда Криштиану Роналду айып алаңына жақындап қақпаға соққы бағыттайды. Алайда оның тепкен добы қақпадан әлдеқайда қиыс кетеді.

64-ші минутта АҚШ құрамасы діттегендеріне жетті. Алмейда Джоунс айып алаңының сыртынан қитұрқы соққы жасайды, Бету бұл допты тек көімен шығарып салды.

Хоуард бүгінгі ойында тамаша ойын өрнегін көрсетуде. Мерейлештің қақпаға бағыттаған добына тойтарыс берді.

81-ші минутта сол қапталдан көтерілген пасқа бірінші жеткен Дэмпси ішімен допты қақпаға бағыттады. Құрама капитаны командасын есепте алға шығарды.

Ойын бітуге 30 секунд қалғанда Португалия құрамасы таразы басын теңестіріп кетті. Роналду оң қапталдан әулетіп пас асырды қақпа маңында тұрған Варелаға, ол ол өз кезегінде Хоуардқа қарама қарсы жаққа баспен допты бағыттады.

Осылайша Криштиану Роналду бастаған жігіттер есепте алда тұрып, екі гол жіберіп жеңіліп жатып, тең есепті жұлып алды.

Әлем чемпионаты. «Н» тобы

АҚШ – Португалия 2:2 (0:1)

Голдар: 5’ Нани (1:0), 64’ Джоунс (1:1), 81’ Дэмпси (2:1), 90’+5 Варела (2:2)

Бас төреші: Нестор Питана

Қосалқы төрешілер: Эрнан Майдана, Хуан Пабло Белатти

23 маусым 2014 04:00 Arena Amazonia стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;