русский язык
Футбол

«Атырау» ірі есеппен «Таразды» ұтты

«Атырау» ірі есеппен «Таразды» ұтты

«Атырау» өз алаңында «Таразды» 3:0 есеппен жеңді.

Матчтың 13-ші минутында Атыраудың легионері Милош Трифунович пенальтиден есеп ашты. Артынша, 38-ші минутта Милош Тараздықтардың қателігін ұтымды пайдаланып дубльдің авторы атанды. Бірінші таймның соңғы минутында Майкл Одибе есепті іріге жеткізді – 3:0. Ойын соңына дейін қонақтар есепті қысқарта алмады. Осылайша, мұнайшылар басым жеңіске қол жеткізді.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы. 17-ші тур.

«Атырау» - «Тараз» - 3:0 (3:0)

Голдар: Трифунович 13 (пенальтиден), 38, Одибе 45+1

«Атырау»: Шабанов, Абдуллин, Одибе, Афанасьев, Бутуев (Нұрыбеков 78), Пласконный (Чуреев 86), Карпович, Коструб, Трифунович, Пархачев, Блажич (Халелов 90+2)

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов (Қожамберды 77), Васильев, Рок Рой, Башлай, Скорых, Евстигнеев, Недашковский (Досмағамбетов 58), Сергиенко, Тілешев (Яровенко 64)

Төрешілер: Александр Алиев (Алматы), Елеш Құсаинов (Астана), Рустам Суюнов (Павлодар)

Қосалқы төреші: Самат Шарипов (Атырау)

Инспектор: Курманбек Ордабаев (Шымкент)

Ескерту алғандар:  Карпович 30, Пласконный 51, Абдуллин 73 - Башлай 62

22-ші маусым. Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 3500 жанкүйер

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;