русский язык

Алатау бөктері Ақ Олимпиадаға дайын

Алатау бөктері Ақ Олимпиадаға дайын

Алматы 2022 жылғы Ақ Олимпиада астанасы атануға тырысады. Қаладағы велобәйгеге қатысқандар осылай ойлайды.

Оныншы шілде күні Халықаралық Олимпида комитеті екінші турға өткен үміткерлерді бекітеді. Сосын Алматы негізгі қарсыластарын ұтуға ұмтылады. Мамандар екінші турға үш қала өтетінін айтып жүр. Алматының мүмкіндігі жоғары екендігін де жасырмайды.

«Джиро де Италия» жарысында үштікке ілінген Фабиа Ару секілді спортшылар да шараға қатысты. Сочидегі параолимпиада ойындарына қатысқан Жаңыл Балтабаева да Алматы ойындарына қатысуға тырысатынын айтады. «Тіпті алтын медаль ұтып алсам», – дейді. Веложарысқа келгендердің барлығы да Қысқы Олимпиаданы қалайтындарын білдірді. «Қос қарсыластың бірі аттан ауып қалды деп еді. Олай емес», – дейді. Норвегияның да Олимпиада өткізуге зауқы соғыпты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;