русский язык

Фабрегас пен дель Боске сөзге келіспей қалды

Фабрегас пен дель Боске сөзге келіспей қалды

Испания құрамасының бас бапкері Висенте дель Боске мен жартылай қорғаушы Сеск Фабрегас арасында келіспеушілік туындап, Сеск жаттығудан кетіп қалды.

Батыс БАҚ өкілдері хабарлағандай, оқиға екі жаққа бөлініп ойын өткізгенде орын алған, Фабрегастың ойынан дель Боскенің көңілі толмаған, ал Сеск жауап ретінде алдағы Аустралия құрамасына қарсы кездесудің ештеңе шешпейтіндігін айтқан. Бұдан кейін бас бапкер Сесктің жейдешесін шешіп алып, Хаби Алонсоға береді. 

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының алғашқы матчтарында Нидерланды мен Чили құрамасынан жеңілген болатын. Осылайша чемпиондар атағынан айырылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;