русский язык

ӘЧ – 2014. Нигерия тартысты кездесуде Босния құрамасын ұтты

ӘЧ – 2014. Нигерия тартысты кездесуде Босния құрамасын ұтты

Футболдан әлем біріншілігі аясында «F» тобының екінші турында Нигерия мен Босния құрамасы күш сынасты.

Бразилияның Куяба қаласындағы «Пантаналь Арена» стадионында Нигерия құрамасы Боснияны қабылдады. Іске білек сыбана кіріскен нигериялықтар бірнеше шабуыл жасап гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Кездесудің бесінші минутында Питер Одемвинги айып соққысын орындады, алайда доп қақпа торына кірмеді. «Челсидің» жартылай қорғаушысы Оби Микель алыстан соққы бағыттаған, бірақ доп қақпа бағанасынан қиіс кетті. Тағы бір соққы! Оджени Онази отыз метрдей қашықтықтан екпіндеп тепкен, Асмир Бегович қауіп бетін қайтарды. Джеко Нигерия қақпашысы Эньямамен бірге-бір шығып қақпашыдан айласын асырған болатын, алайда бас төреші Питер О`Лири Эдиннің ойыннан тыс қалғанын анықтады. Эньяма! Тағы бір Джеконың жойқын соққысын қайтарды. Босниялықтар қарсыластарын қыспаққа алды. «Романың» ойыншысы Миралем Пьянич алыстан соққы бағыттады, бірақ Эньяма өз орнынан табыла білді. ГОЛЛ!!! Ойынның 30-шы минутында Эменикенің пасынан Питер Одемвинги кездесуде есепті ашты – 1:0. Кейін, Ахмед Муса сол қапталдан құлыштап соққы бағыттаған, Бегович соққыны сәтті қайтарды. Пьянич Джекоға әдем пас шығарып бірді, бірақ Эдиннің соққысына дәлдік жетіспеді. Бірінші тайм африкандықтардың пайдасына шешілді.

Екінші тайм босниялықтардың шабуылдарынан басталды. Джеко оңтайлы шабуылдардың бірінде соққы бағыттады, доп қақпадан биік кетті. Қарымта шабуылда нигериялықтар Беговичтің қапқасына соққы жасады, бірақ Асмир соққыны сәтті қайтарды. Бегович!! Алдымен, Асмир Майкл Бабатунденің соққысын қайтарса, содан соң Эменикеге есепті еселейтін мүмкіндік бермеді. Ойынның үздік ойыншысы Эменике оң қапталдан жойқын соққы бағыттаған, бірақ Асмир қауіп бетін қайтара алды. Эдин Джеко қарсыластардың айып алаңында допты қабылдап соққы бағыттамақ болған, алайда нигериялық қорғаушылар допты өз айып алаңынан шығарып жіберді. Еуропалықтар есепті теңестіруге ұмтылғанымен, бұдан нәтиже шықпады. Тыңнан алаңға қосылған Ведад Ибишевичтің баспен соққысы қақпа маңдайшасынан сәл биік кетті. Пьянич сол қапталдан сытылып Эньяма қақпасын көздеді, Винсент соққыны қайтарды. Эменике орталық шептен екпіндеп тепті, доп қақпадан қиіс кетті. Джеко! Пьяничтің пасынан баспен қақпаға соққы бағыттаған, алайда Эньяма допқа иелік етті. Араға бір минут салып Джеко қақпа бағанасына тиді. Кездесу аяқталды. Қорытынды есеп – 1:0.

    

ӘЧ – 2014. «F» тобы. 2-ші тур.

Нигерия-Босния – 1:0

Гол: Одемвинги, 30

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;