русский язык

ӘЧ – 2014. Неміс мәшинесі Гананы ұта алмады

ӘЧ – 2014. Неміс мәшинесі Гананы ұта алмады

«G»  тобының көшбасышылары Германия мен Гана құрамалары күш сынасып, кім мықтыны анықтап көрмек.

Ойынды әдеттегідей неміс мәшинесі жылдам бастады. Бірнеше өткір шабуылдар жасап тырысты. БІрақ матчтағы алғашқы соққыны ганалықтар жасады. Кристиан Атсу бірнеше неміс қорғаушыларын артқа тастап барып допті иіре теуіп еді дәл Нойердің қолына сап берді.

Неміс ойыншылары мұндай соққыға бірден жауап қайтарды. Тони Кросс алыстан бағын сынап көріп еді, алайда доп қақпадан әлдеқайда биік кетті.

11 нөмерлі Мунтари де Нойерді мазалады. Оның алыстан жасаған соққысын неміс қақпашысы қиындықпен қайтарды.

Неміс шабуылшысы Марио Гетце өзінің бірінші дәл соққсын жасады. Ортада керемет пас алмасқан немістер соңында Марионы қақпашының алдына шығарып берді, алайда Адамс қақпасын голдан аман сақтап қалды.

Алғашқы таймда неміс мәшинесі ортадан пас арқылы бірнәрсе шығарғанды қаласа, қара маржандар алыстан соққы жасауды негізге тактикасы ретінде қолданды.

 

 

Екінші таймды Иоахим Левтің шәкірттері өте жылдам бастады. Бес минут өтер өтпестен Гетце діттегеніне жетті. Әулеткен допқа бірінші болып жеткен Марионың баспен ұрған добы тізесіне тиіп барып қақпаның алыс бұрышына бағыт алды.

Ауыз жиып үлгергенше Гана ойыншылары таразы басын теңестіріп кетті. Айыпдобына неміс қорғаушыларынан бұрын жеткен Андре Айю баспен соққы  бағыттады, бұл жолы Нойер әлсіз.

10 минут өткен соң Мунтари қорғаушылардың қателігін пайдаланып, команда капитан Асамоа Гьянға пас беріп, оны қақпашымен жеке шығарып береді. Гьян Нойерден айласын асырады. Гана құрамасы сенсациялы түрде алға шығады.

70-ші минутта бұрыштама добын немістер сәтті орындады. Көтерілген допты бірінші баспен Хведес артқа тастады, қақпа бағанасының жанында тұрған Клозе өзінің барлық әлем чемпионатындағы 15 голын соқты.

Соңғы он минутта екі жақ қақпаға бір бір соққы жасуамене көзге түсті. Алдымен Джордан Айю тура Нойерде допты тепсе, сосын қарымта шабуылдың бірінде Клозеге дәлдік жолдас болмады.

Осылайша, Германия мен Гана құрамалары арасында арпалыспен өткен кездесуден кейін қос құрама өздеріне лайықты бір бір ұпай еншіледі.  

Германия  – Гана 2:2 (0:0)

Голдар: 1:0 – 51 Гетце, 1:1 – 54 Айю, 1:2 – 63 Гьян, 2:2 – 71 Клозе.

Ескерту: Мунтари.

Германия: Нойер – Дж. Боатенг, Мертесакер, Хеведес, Гросскройц – Хедира, Кроос Лам – Езил, Шюррле – Мюллер.

Гана: Куараси – Опар, Менса, Бой, Асамоа – Мунтари, Эссьен, Рабиу – К.-П. Боатенг, А. Айю – Гьян.

Бас төреші: Рикки (Бразилия).

Қослқы төрешілер: де Карвалью, ван Гассе (Бразилия).

22.06.2014 04:00 Форталеза. Кателау аренасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;